Әскер KZ. «Әскери керней» байқауы
Әрбір күштік құрылымда әскери оркестр деген болады. Олар сарбаздарды саппен жүруге үйрету кезінде, әскери салт-жораларды орындаған шақта және салтанатты рәсімдер мен концерттер өткізген кезде жұмылдырылады. Арнайы штаттық құрылымға әскери дирижер жетекшілік етеді. Енді сол оркестрлер үнемі бабында болып, шеберліктерін шыңдап отыруы үшін байқаулар мен жиындардан қалыс қалмаулары керек. Осы мақсатпен Ұлттық ұланның қолбасшылығы әскери оркестрлердің халықаралық деңгейдегі фестивалін өткізуге мұрындық болып келеді. «Әскери керней» деп аталатын байқау бүгінде дәстүрлі шараға айналған.