Әскер KZ. Күзгі әскерге шақыру науқаны
Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Іріктеу оңай болып жатқан жоқ. Бір орынға 10 адамға дейін таласып жатыр. Әсіресе мемлекеттік күзет қызметі мен шекара қызметіне барғысы келетіндер көп. Бірақ, онда барлық үміткерлер бірдей жарай бермейді. Беделді әскери құрылымдардың сабында тұруға шақырылу үшін қандай талаптар қойылатындығын бүгінгі бағдарламада айтамыз.