Әскер KZ. Отандық жас ұшқыштар

Әскери ұшқыштар - қарулы күштердің атанға артылар жүгін арқалаған айбарлы жауынгерлер. Қырандай қырағы, сұңқардай саңлақ. Олардың қызметі қауырт әрі қауіпті. Сөйте тұра, мұқалмайды. Әскери ұшқыштар еліміздің әуе қорғанысына жауапты. Олар жайында талай рет деректі фильмдер түсірілді, баспасөз беттерінде мақалалар жазылды. Өйткені, әскери ұшақты тізгіндеу - от пен оқтың арасында қалумен пара-пар. Бүгінгі бағдарламамызда Қазақстанның жас ұшқыштарын көрсетеміз. Олардың еңсесін тіктеген егемен елге сіңірген ерен еңбегін сөз етеміз.