Әскер KZ. Біз – Жеңістің мұрагерлеріміз!
Аты аңызға айналған 72-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының жауынгерлік туы Қазақстанда!
Ұлттық гвардияның елордадағы әскери бөлімшесі «Біз жеңістің мұрагерлеріміз» атты әскери-патриоттық эстафетаны алғашқылардың бірі болып қабылдады. 72-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының жауынгерлік туының көшірмесі Ресейден жеткізіліп, әскери шерудің басты белгісіне айналып отыр. Шара 3 айға жалғасып, қазақстанның 25 қаласын қамтиды.