Әскер KZ. ҚР Қарулы Күштерінің әскери-тарихи музейі
Сирек кездесетін экспонаттар. Түрік дәуірінен қалған бірегей үзеңгі.
Екінші дүниежүзілік соғыста қолданылған қару түрлері және заманауи әскери техника. Мұның барлығы жақында ашылған әскери-тарихи музейге қойылған. Ол ата-бабаларымыздың ерлігін жаңғыртып, өткенді айна қатесіз жеткізетін жәдігерлерден тұрады. Мәдени нысан жайлы толығырақ бағдарлама барысында баяндаймыз.