«Астана». Теректердің ақ ұлпасы тұрғындардың мазасын қашырды
Кейбір астаналықтар үшін теректердің жайқалғаны, өсімдіктердің гүлдегені көзді жасауратып, аллергия тудырады.
Аллергологтардың айтуынша, бұндай белгілер теректердің мамығы емес, жел-шаңды күнде, ауа райы күрт ысығанда пайда болады. Теректердің ақ ұлпасы бет терісін қоздырып, зиянды көрінгенімен, көше тазалығына қосар үлесі зор.