«Астана». Елордада «Автобус» іс-шарасы ұйымдастырылды
Астана қаласында «Автобус» іс-шарасы ұйымдастырылды.
ІІД қызметкерлері қоғамдық көліктердің қатысуымен орын алатын оқиғаларды азайту немесе алдын алу мақсатында өткізді. Жыл басынан бері қоғамдық көліктердің жүргізушілері 700-ден астам заңбұзушылықпен көзге түскен. 25-ке тарта жүргізуші әкімшілік айыппұл төлеп құтылды.