«Астана». «Қазақстан барысы-2014» додасының жеңімпазы 27,3 млн. теңгеге иелік етті
«Қазақстан барысы-2014» дүбірлі додасының биылғы маусымындағы 5 басты жаңалығы.
Төрешілер саны қысқарды. Жеңімпаз және жүлдегер балуандардың бапкеріне берілетін сыйақы көлемі азайды. Бас жүлде иеленген палуанға көлік берілмеді. Бүгінге дейін «Қазақстан барысы» жобасында чемпион атанған спортшы 150 мың АҚШ долларын теңгеге шаққанда 22,3 миллион сыйақы алған болатын. Биыл жеңімпаз палуан 27,3 миллион теңгеге иелік етті.