Астана. «Атамекен» – тәуелсіздік шежіресі

inform.kz

Елбасы Н.Назарбаев еліміз қайтіп күй кешсе, «Атамекен» Қазақстан картасы да солай тыныс алуы керектігін айтқан болатын.

Ашық аспан мұражайы этно-мемориалдық кешені еліміздің әлеуетін, тарихи шежіресін, мәдени ескерткіштерін, мемлекеттің тыныс-тіршілігін әлемге паш етіп, жас ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеуде. Мәдени кешен Елбасының бастамасымен 2001 жылдың 8 қыркүйегінде ашылған болатын.