Астана. Ажырасудың рекордтық көрсеткіші
Жазда үйлену, ұзату тойлары көп болады.
Жас жұбайларға қарап сүйсінесің де. Болашаққа бірге ұмтылған қос ғашыққа баянды бақ тілемейтін жан жоқ сірә. Алайда соңғы кезде үйлену қанша көп болса, ажырасу деңгейі де содан кем емес. Мәселен, былтыр еліміздегі ажырасу саны соңғы алты жылда бірінші рет рекордтық деңгейіне жеткен. Орташа алғанда 100 неке қиылса, 34 ажырасу тіркелген.