Астана. Елордалық ақ халаттылар күрделі операциялар жүргізуде
Астанада 4 жасар балаға омыртқаның туа бітті ауытқушылығына операция жасалды.
Еліміздің дәрігерлеріне Санкт-Петербургтен әріптестері көмекке келді. Ақ халаттылар осыған дейін де бірнеше ғылыми жұмыстарды бірге талқылаған. Бас қаламызда биотехнология институты ашылғалы тері жасушасын түзіп, оны алмастыру жағдайы сәтті жүзеге асып келеді.