Астана. Сауатсыздыққа жол жоқ!
Қатеге жол жоқ! Нысандардың атаулары, маңдайша жазулары, сөрелер мен терезелердегі көрнекі ақпараттардың жазылуы міндетті түрде қалалық сәулет және тілдерді дамыту басқармаларымен келісілуі керек.
Бұл талап бұзылған жағдайда құқық бұзушыларға айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.