Астана. Тәуелсіздік сарайы ғимараты жөнінде не білеміз?
Елодамыздағы ресми іс-шаралар, алқалы мәжілістер, форумдар, съездер көп өтетін алаң - Тәуелсіздік сарайы.
Ғимарат негізінен үш қабаттан тұрады. Бірінші қабат – ұлттық және қазіргі заман стильдері топтасқан орын. Онда 3000 адамға арналған Конгресс-зал, рәсімдеу залы, баспасөз орталығы, сондай-ақ, сыйымдылығы 680 адамға арналған және сахна мен дыбыс аппаратурасымен жабдықталған кең мейрамхана орналасқан. Екінші қабатта қолөнер және этнография, археология және антропология галереясы бар. Этнография мен қолөнері, әйел әшекей-бұйымдары, қазақ даласының түрлі аймақтарының ұлттық киімдері, батырлардың қару-жарақтары, ән аспаптары, қолдан тігілген кілемдер, аңға шығу композициясы, әсерлі қыз ұзату көрінісі ретінде ұсынылған. Әрбір тұрғын және қала қонағы келіп, рухани азық алып, өткеннен ой түйе алады.