Астана. Жылыту маусымына дайындық
Астана қаласы Алматы аудандағы 1035 көппәтерлі тұрғын үйдің 830-ы жылыту маусымына толық дайын.
Дайындық барысында 43 үйдің төбе жабындысы жөнделіп, 37 үйдің жылумен қамту жүйелері және 12 үйде жылу алмастыру қондырғылары ауыстырылды. Сондай-ақ 140 кіреберіске жөндеу жүргізіліп, 80 үйдің су және кәріз құбырлары, 60 үйдің электр жүйелері жөнделді. Бұдан басқа 35 тұрғын үйде су енгізу құбырлары ауыстырылып, 31 үйде су есептеу құралдары орнатылды.