Астана. Астана субұрқақтар мен велосипедтерді ұрлап жүрген кімдер?
Жуырда ғана көше бойларынан орын алған велосипедтер қолды болды.
Астанаға алыстан келіп, субұрқақтар мен велосипедтерді ұрлап жүрген кімдер? Қалаға келіп, көз сүйсінетін нысандарды аралап қана қоймай, оларды ұрлап, арзан бағаға пұлдап жүргендер белгілі болды. Оңтүстік Қазақстан облысының тумалары бұндай қадамға не үшін барғандарын мойындады. Қазір олардың ісіне қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 175-бабына сәйкес, яғни ұрлық фактісіне қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.