Астана. Жол сақшылары жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді тәртіпке бағынуға шақырады

baq.kz

Астанада бір апта ішінде 6,5 мыңнан аса жол қозғалысы ережесін бұзу тіркелген.

Бұл туралы қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасынан хабарлады. Атап айтқанда, жылдамдықты асырған - 775; қауіпсіздік белбеуінсіз көлік жүргізген үшін - 510; апаттық жағдайды туғызғаны үшін -135; автокөлікті мас күйінде жүргізген 55 жағдай тіркелген. Сондай-ақ жаяу жүргіншілерді өткізбегені үшін 540 бұзушылық анықталған. Жол сақшылары жүргізушілерді де, жаяу жүргіншілерді де тәртіпке бағынуға шақырды.