Астана. «Ақылды» қала мүмкіндіктері
Астана күн санап «ақылды» қалаға айналып келеді.
Енді үйден шықпай-ақ онлайн режимінде кезекке тұруға, дәрігеріңіздің жұмыс кестесін білуге, қажетті дәрі-дәрмек жөнінде ақпарат білуге болады. Қала берді дәрігерлердің жұмысына көңіліңіз толмаса, шағымдануға да болады. Бұрынғыдай есік қағып, қағаз толтырып жүрмейсіз. Ғаламтор болса болғаны.