«Астана». Елордада спортпен шұғылданатындар саны көбейген
Соңғы 5 жылда спортпен шұғылданып, саламатты өмір салтын ұстанатындар саны 2 есеге артқан.
170 мыңға жуық адам, яғни тұрғындардың 21 пайызы спорттың сан саласында өз қабілеттерін шыңдап әрі сынап жүр. Спортшылардың қызығушылығын арттыру мақсатында бас қаламызда жарыстар жиі өткізіліп тұрады.