Астана. Жеңіс туын желбіреткендер

ok.ru

Ұлы Отан соғысының аяқталғанына биыл 70 жыл. Қанды майдан 60 млн адамның өмірін қиды.

Талайды боздатты, жетім-жесір етті. Бірақ олар табандылық танытып жеңіске жетті.  Ең өкініштісі сол күннің куәсі болғандар қатары жыл санап азайып келеді. 90 жылдары Астана бойынша соғыс ардагерлерінің саны 5 мыңнан астам болса, бүгінде олар 200-ден сәл-ақ асады. Аздың қатарын толықтырып жүрген ардагерлердің бірі Темірғали Әділбеков. Ол соғыс басталғанда небәрі 18 жаста ғана болатын.