«Астана». «Қарақат» мектеп-студиясының тәрбиеленушілері Анталиядан бас жүлдемен оралды
Дарынды шәкірттерді тәрбиелейтін музыка мектебінің қабырғасы мақтау қағазымен, ал сөресі сары ала кубокпен тағы толықты.
«Қарақат» мектеп-студиясының тәрбиеленушілері Анталия қаласынан бас жүлдемен оралды. Жас таланттар хореография, вокал, би театры, инструменталды жанр және фольклор аталымдары бойынша сынға түскен.