«Астана». 1 млн. теңге қай журналистің еншісіне бұйырады?
Астанада аймақтық және республикалық БАҚ журналистеріне арналған жыл сайынғы «Нұр Сұңқар» байқауына жұмыстарды қабылдау жалғасуда.
Байқауға былтырдың 1 қыркүйегі мен 2014 жылғы 10 маусым аралығында жарияланған және эфирге шыққан очерк, сұхбат, мақала, телевизиялық және радиохабарлар, әлеуметтік зерттеулер, жарияланымдар мен хабарлар және басқа түрлі жанрдағы материалдар қабылданады.