369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Байыбына барсақ. Жер дауы

  • 499

Бірнеше жыл бұрын Севинч Ахметованың баспаналы болсам деген арманы мен үміті адамдардың ашкөздігінің кесірінен бір сәтте күйреген-ді. Ата-анасының Алматы қаласындағы пәтерін жақсы бағаға сәтті сатып, ол қаржыға жаңа баспана алуға ниеттенеді. Бағына орай, жинап-терген ақшасы өзі армандаған аумағы кең пәтерге молынан жетіп тұрған. Құрылыс компаниясының өкілімен кездесу келесі күнге белгіленеді. Жасы алпысты алқымдаған, иманжүзді ер кісі Севинчке су жаңа тұрғын үйден жеңілдікпен шаршы метрі 950 доллар тұратын пәтерді сатып алуға кеңес береді. Севинч сенеді. Мұндай сәтті ұсыныстан бас тарту ақымақтық болар еді. Оның үстіне үйдің құрылысы бір жылдан соң алғашқы тоқсанда-ақ  аяқталып, дайын болады деп уәде етіледі.

Хабар 24 телеарнасы