369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Байыбына барсақ. Денсаулық формуласы

  • 379

Ішімдік ішу, темекі шегу, дұрыс тамақтанбау, спортпен шұғылданбау  мұның бәрі - инфекциялық емес аурулардың есебінен болатын адам өліміне үлес қосады. Жыл сайын жер бетінде инфекциялық емес аурулардан 30 бен 69 жас аралығындағы 41 млн адам көз жұмады. Олардың 17 млн 900 мыңы жүрек қан-тамыр дертінен, ал 1 млн 600 мыңы қант диабетінен ажал құшады. Бұл - дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі. Сондықтан да осы әлемдік ұйым дабыл қағып, 2025 жылға дейін инфекциялық емес аурулардың себебінен болатын өлімді 25 пайызға азайтпаққа бекініп отыр. Ал ол мақсатқа жетудің бірден бір жолы - салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Хабар 24 телеарнасы