Баррель. Павлодар мұнай-химия зауыты
Бұл Қазақстандағы мұнай өңдеуші ірі кәсіпорындардың бірі.
Кеңес Одағы инженерлерінің жоспары бойынша зауыт Батыс Сібір кен орындарынан жеткізілетін шикі мұнайды өңдеп, дайын өніммен Павлодар облысы мен Алтай аймағына дейінгі аралықтағы жер өңдейтін шаруаларды қамтамасыз ету еді. Бүгінгі бағдарламамызды біз осы зауыттың өткені мен бүгініне арнаймыз.