Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Мумбаи әуежайы қонған рейстер саны жағынан тағы да рекорд орнатты
Мумбаи әуежайы 24 сағаттың ішінде 969 ұшақты қабылдап, қонған рейстер саны жөнінен тағы да рекорд орнатты, деп хабарлайды The times of India. Лондондағы Гэтвик әуежайы әлемдегі жалғыз ұшу-қону алаңы бар әуежай саналады. Мұнда сағат сайын 50 рейс қабылданады. Ал өзге әуежайлардағы рейстер саны 42-ден аспайды. Осылайша, Мумбаи 50-ден астам рейсті қабылдаған дүниежүзіндегі екінші әуежай болып отыр.