Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Жеуге жарамды дрон

Британдық аэронавтика инженері Найджел Гиффордқа жеуге жарамды дрон құрастыру идеясы Сириядағы бейбіт тұрғындарға қол ұшын беру мақсатында келген. Бастапқыда гумманитарлық жүкті әуе жолымен жеткізу тәсілдерін ойластырады. Алайда жүк жерге сәтті қонған күннің өзінде азаматтардың оған оңай қолы жетуі екіталай болағандықтан, инженер ұшатын аппаратты тағамнан жасау керек деген ойға келеді.