Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі Unilever өз штаб пәтерін көшірмек ниетте
Ұлыбританиядағы алпауыт компаниялардың арасында 3 орында тұрған Unilever өзінің штаб пәтерін Лондоннан Роттердамға көшірмек. Бұл кәсіпорын әлемдегі ең ірі азық-түлік өнімдері, парфюмерия мен тұрмыстық химия заттарын өндірушілердің бірі саналады.