Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Google мен Facebook-тің дәурені өткені рас па?
Google мен Facebook-тің дәуреніне тықыр таянды. The Washington Post журналисті ірі корпорациялардың өнімі туралы осылай жазған. Танымал әлеуметтік желінің жуырда дауға қалғанын ескерсек, технологиялық алпауыттардың ел экономикасына ғана емес, қоғам өмірінде де маңызы орасан екендігін аңғаруға болады.