Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Америкалық дәрігер науқастардың ауруын алдын ала сезетінін айтты

Сирек кездесетін синдромға шалдыққан америкалық дәрігер алдына келген науқастардың ауруын сезеді екен. Бұл туралы BBC хабарлайды. Дәрігер Джоэл Салинас айналы синестезия деп аталатын тосын ауруға бала кезінен тап болған. Синестезия - тым сезімтал адамдарға тән феномен. Кейбір адамдар музыканы тыңдаған кезде сол әуездің дәмін сезеді. Енді бірі әріп әлде санға қараған кезде оның түсі бар екенін аңғарады.