Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Атақты кинорежиссер Милош Форман 87 жасында дүниеден озды
Чех кинорежиссері Милош Форман 87 жасында ауырып дүние салды. Үздік режиссерлік жұмысы үшін «Оскар» жүлдесін екі рет иеленген тұлға туралы «Дойче Велле» жазыпты. Кен Кизидің кітабы бойынша 1975 жылы түсірілген «Көкектің ұясының үстімен» фильміне америкалық киноөнер академиясының 5 бас жүлдесі берілді. Тағы 8 «Оскарды» австриялық композитор Вольфганг Амадей Моцарттың өмірі туралы баяндайтын «Амадей» картинасы иеленген еді.