Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Еуропалықтардың арасында сары шашты қыздар екі есеге көбеюде

Еуропалықтардың арасында сары шашты қыздар осы тектес ерлерге қарағанда екі есеге көп екен. Еуропалықтар мен олардың ұрпақтарына жүргізілген генетикалық пигментацияны зерттеген көлемді еңбек осыны айқындап берді. Зерттеу жұмыстарына шамамен 300 мыңдай адам жұмылдырылыпты, деп хабарлайды БиБиСи. Осылайша шаштың түсіне әсер ететін 124 геннің бар екені анықталды. Еуропалық жігіттердің шашының қара түсті болу ықтималдығы әйелдерге қарағанда үш есеге көп екен. Тіпті ғалымдардың өздері аққұба қыз-келіншектер ерлерден көп болады деп ойламағанын айтады.