Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Туристік Пальма қаласында пәтерлерді жалға беруге тыйым салынды

Жергілікті тұрғындардан түскен арыз-шағым жиілеп кеткендіктен, испандық Пальма қаласы туристік маусым кезінде пәтерлерді жалға беруге тыйым салыпты. BBC-дің хабарлауынша, шаһарда баспананы қысқа мерзімге жалдау бағасы сайттар мен қосымшалардың саны көбейген сайын қымбаттап барады. 2013 жылдан бері Пальмадағы бұл қызмет түрі 40% өскен. Сонымен қатар туристер жиі шоғырланған аудандардағы тәртіп нашарлап, келеңсіз оқиғалар көбейген. Мұның бәрі жергілікті тұрғындардың мазасын май ішкендей қылып отыр.