Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Gibson бренді өзін банкрот деп жариялады

Әйгілі Gibson бренді өзін банкрот деп жариялады. «Роллинг Стоун» журналының жазуынша, гитара жасаушы кәсіпорынның қарызы шамамен 500 миллион долларға жуықтайды. Қарызынан құтылмақ болған компания таяу арада 135 миллион доллар көлемінде несие алмақ. Бұл жағдайда мекеме кредиторларының меншік иесіне айналып шыға келуі де ғажап емес.