Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Немістің миграциялық ведомствосы даудың астында қалды

Немістің миграциялық ведомствосы дауға қалды. Сеніп тапсырылған жауапты істі атқара алмаған бұл құрылымға сын ерте кезден айтылып келеді. Бұл аздай аталмыш мекеменің бірнеше жыл бойы консалтингтік фирмалардың қымбат тұратын қызметін пайдаланғаны мәлім болды. Енді неміс БАҚ-тары миллиондаған қаржының қайда жұмсалғанын ойлап, бас қатырып отыр. Бұл туралы толығырақ Bild жазады.