Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Елбасы Қытайдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының XVIII саммитіне қатысады

Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің арнайы шақыруымен Қытайда мемлекеттік сапармен жүр. Қазақстан президенті 9-10 маусымда Циндаода өткізілетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының XVIII саммитіне қатысады. Төрткүл дүние көз тіккен айтулы жиынның мән-маңызы туралы қытайлық Синьхуа басылымы жазыпты. Саммитте ШЫҰ-ға мүше елдердің басшылары мен байқаушы мемлекеттер, сонымен қатар Шаньдун провинциясындағы Циндаода орналасқан халықаралық ұйымдардың жетекшілері кездеседі.