Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Жапония халық санының азаюымен күресуде
Халық санының азаюымен күрескен Жапония түрлі шараларды қолға алуға мәжбүр. Қазір жапон қоғамында кішкентай нәрестеге қатысты жаңа ұстаным енгізіліп жатыр. Бір қызығы бір-біріне асқан сыйластықпен қарайтын жапондар кішкентай баланың жылаған даусын жақтырмайды екен. «Бизнес Инсайдердің» жазуынша, жапондық бөбектердің жылағанына төзімділікпен қарауды ұсынған бұл бастаманы 13 саясатшы қолдаған екен.