Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Жапония Иран мұнайын импорттауды тоқтатпақ
Жапония Иран мұнайын импорттауды тоқтатпақ, деп хабарлайды «Эйша Никкей». Бұған Тегераннан шикізат сатып алуды тоқтатпаған компанияларға АҚШ-тың ескерту жасауы себеп болыпты. Осылайша Ираннан мұнай тасуды Жапония қазан айында доғарады. Мұның орнына Жапония Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктерімен байланыс орнатады.