Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Пәкістан ел тарихындағы ең ірі көлемдегі қарызын алмақ
Пәкістан Халықаралық валюта қорынан $12 млрд несие алады. Бұл ел тарихындағы ең ірі көлемдегі қарыз болмақ. Жуырда сайланған премьер-министр Имран Хан валюта нарығындағы мәселелерді шешуде бірқатар қиындықтарға тап болды, деп хабарлайды Financial Times. Сырттан берілер көмек елді дағдарыстан шығаруға көмектессе де, ХВҚ-ның несие желісі мемлекеттік шығындарды шектейді. Осылайша сайлауалды уәделердің орындалуы қиындай түседі, деп жазады материал авторлары Киран Стэйси мен Фархан Бокари.