Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Toyota Қытайдағы өндіріс әлеуетін 20 пайызға арттырмақ
Toyota Қытайдағы өндіріс әлеуетін 20 пайызға арттырмақ, деп жазады «Ченэл Ньюс Эйша». Бұл үшін жапондық Toyota Motor Гуанчжоудағы зауыттың қуатын күшейтеді. Компания дереккөздерінің хабарлауынша, бұған қоса Тяньцзинь қаласындағы зауытта жылына 120 мың автокөлік құрастырылады. Гуанчжоудағы өндірісті ұлғайтудың арқасында жылына 120 мың көлік қосымша құрастырылып, өндіріс қарқыны 24 пайызға артады.