Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Швед ғалымдары ұйқысыздық дертінің семіздікке шалдықтыратынын анықтады
Ал швед ғалымдары ұйқысыздық дертінің семіздікке шалдықтыратынын анықтады. «Индепендент» басылымының редакциясы адам денесіне ауысымдық жұмыстардың, джетлаг пен шаршаудың қалай әсер ететінін баяндайды. Журналист Алекс Мэттьюз-Кингтің жазуынша, ұйқысыз өткен бір түннің өзі ағзаның майды жинау қабілетін күшейтіп жібереді екен. Егер ұйқысыздық әдетке айналса, адамның екінші типті диабетке тап болуы мүмкін.