Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Грекия Германиядан 279 млрд еуро репарация талап етуде

Грекия Германиядан тағы да 279 млрд еуро репарация талап етіп отыр. «Евроньюстің» хабарлауынша, қатаң үнемдеу шарасын тоқтатқан грек үкіметі енді екінші жаһан соғысы кезінде кеткен есесін қайтарып алмақ. Осылайша немістерден құнын сұрап отыр. Телеарна тілшілері Иоанис Гиакинис, Фотейни Дулкери мен Элис Тайди бұл соманың 279 млрд еуроға дейін жететінін баяндайды. Егер екі елдің арасы осыған дейін де мәз еместігін ескерсек, енді жағдайдың одан әрі ушығып кетуі мүмкін.