Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Лондонда Wildlife Photographer of the Year 2018 фотобайқауы қорытындыланды

Лондондағы жаратылыстану тарихы музейі жыл сайынғы Wildlife Photographer of the Year 2018 фотобайқауын қорытындылады. Байқауға әлемнің әр түкпіріндегі авторлар бағын сынапты. BBC сайтында 100 мыңнан астам жұмыстың ішінен іріктелген жеңімпаздар мен жүлдегелердің суреттері жарияланған. «Тірі табиғаттың жыл фотографы 2018» аталымы бойынша голландық Марсель Ван Остен жеңімпаз деп танылды. Оның ойға батқан ринопитек маймылдарды түсірген суретін қазылар алқасы жоғары бағалаған.