Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Адамдардың ағзасынан алғаш рет микропластик табылды
Адамдардың ағзасынан алғаш рет микропластик табылды. Бұл денсаулығымыздың нашарлағанының белгісі, деп жазады Telegraph тілшісі Сара Нептон. Австрияның қоршаған ортаны қорғау Агенттігі мен Вена университетінің ғалымдары әлемнің сегіз елінің тұрғындарынан талдау алып, тексеріп шыққан. Осылайша барлық сынамалардан микропластик табылыпты, деп жазады автор.