Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Калифорнияда орта тап өкілдері жойылып барады
Калифорнияда байлар мен кедейлердің арасы алшақтап кеткені соншалық, орта тап өкілдері жойылып барады. «Хилл» басылымындағы мақаласында Кристин Тэйт қазан айында Калифорнияның әлемдегі ең ірі бесінші экономика саналатын Ұлыбританияның өзін артта қалдырғанын жазады. Бұл штат рецессиядан кейін қарқынмен дамып, тіпті кейбір салалар бойынша профицитке қол жеткізді. Дегенмен Калифорниядағы байлар мен кедейлер арасындағы айырмашылық жер мен көктей.