Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Адамзат жер бетінен мүлдем жойылып кетуі мүмкін
Адамзаттың жер бетінен жойылып кетер күні алыс емес. The Global Challenges Foundation ұйымының сарапшылары адамзатқа төнген тоғыз түрлі қатер туралы болжам жасап отыр. Newsweek тілшісі Кашмира Гэндер ең үлкен қауіп ядролық соғыс екендігін жазады. Сарапшылар соңғы он жылдан бері соғыстың осы түрінен төнген қауіптің күшейіп келе жатқанын айтады. Ядролық жарылыстың кесірінен адамдар қырылып, қалалар қирайды, зиянды сәуленің алапат кесірі тағы бар. Бұл аздай жер бетінде шағын мұз дәуірі де орнауы мүмкін.