Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Ғалымдар: майлы тамақтың зияны үш ұрпақ алмасқаннан кейін білінеді
Майлы тамақтың зияны үш ұрпақ алмасқаннан кейін біліне бастайды. Тышқандарға тәжірибе жасаған ғалымдар қомағайлықтың үш буынға тарайтынын анықтапты. Der Standard басылымының жазуынша, Кембридж бен Базельдегі әріптестерімен күш біріктірген Цюрихтегі тамақтану зертханасының мамандары осындай тоқтамға келген. Ғалымдар ұрғашы тышқандарды 9 апта бойы майлы тамақпен қоректендіреді.