Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Соғыс зұлматының ақтаңдақтары

Германия жағалауында бір жарым миллион тоннаға жуық оқ-дәрі жер астында көміліп жатыр, деп жазады «Фокус» басылымы. Әскери қақтығыстар мен оқу-жаттығу жиындары кезінде, қалаберді түрлі апаттардың салдарынан теңіз түбіне көп мөлшерде оқ-дәрі жиналып қалған, деп жазады мұхитты зертеу ісімен айналысатын Гельмгольц атындағы орталықтың сарапшысы Йенс Грайнерт.