Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Еуропалық Одақ Тереза Мэйдің блоктан шығу туралы келісімін мақұлдады

Еуропалық Одақ Тереза Мэйдің блоктан шығу туралы келісімін мақұлдады. Енді жағдайдың не боларын «Форбс» журналынан оқи аласыздар. ЕО елдері Ұлыбританияның бұл қадамын Брюссельдегі саммитте бекіткен еді. Құжат келер жылдың 30 наурызынан бастап өз күшіне енеді, деп жазады шолушы Фрэнсис Коппола. Бірақ осыған қарамастан, «брекситтің» бір қайнауы әлі ішінде. Ақырғы сөзді Еуропарламент пен корольдік қауымдастық палатасы айтады. Британ заңшығарушыларын бұл келісімге көндіру оңай емес. Сондықтан министрлер кабинетінің басшысы Тереза Мэй бұдан басқа жол жоқтығын айтудан шаршаған емес. Осылайша халықтың талабын орындау керектігін алға тосып отыр.