Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Польшада әйелдерге түсік жасатуға тыйым салынбақ

Француздық «Слэйт» басылымы Польшада заңды түрде түсік жасату оңай еместігін жазады. Егер талқылауға ұсынылған заң қабылданып кетсе, онда құрсағындағы бала ауру болса да, жүкті әйелдерге түсік жасатуға тыйым салынады. Жаңа жоба Даун ауруы немесе өзге де ауытқушылыққа шалдыққан баланы алдырып тастауға рұқсат бермейді. Бұл бастама елдегі заңсыз аборттарға түбегейлі тосқауыл болуы мүмкін. Польшада жыл сайын заңды түрде жасалатын 1100 түсіктің 94% іштегі шарананың дұрыс дамымауына байланысты екен. Дегенмен варшавалық Марек секілді дәрігерлер мұндай жүктіліктің әйелдер үшін психологиялық соққы боларын айтады.