Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. АҚШ пен Қытайдың арасындағы сауда соғысы кейінге шегерілді

BBC-дің хабарлауынша, АҚШ пен Қытайдың арасындағы сауда соғысы кейінге шегерілді. Өткен сенбіде Буэнос-Айресте өткізілген кездесуде екі елдің басшысы 2019 жылдың қаңтарынан бастап жаңадан сауда баж салығын енгізбеуге уағдаласқан. Бұл туралы ҚХР-дың мемлекеттік телеарнасы хабарлады. Кейін Ақ үй тарифтерді көтеруге енгізілер мораторийдің 90 күнге созылатыны туралы мәлімдеме таратты. Осы уақыт ішінде екіжақты келіссөздер жүргізілмек.